Балбулак

Балалар арасында сәндік-қолданбалы, шығармашылықтың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, тарихымен таныстыру

Балалар арасында сәндік-қолданбалы, шығармашылықтың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, тарихымен таныстыру жэне танымал ету, қиял мен еңбекқорлықты дамыту, балалардың шығармашылық қарым- қатынасын ұйымдастыру, олардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, тәрбиеленушілердің белсенділігі мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру арқылы қазақ халқының мәдени мұрасына деген мақтаныш пен құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен қалалық «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қолдан жасалған бұйымдар байқауы өтті. «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» байқауы мектеп жасына дейінгі балалар, олардың ата-аналары, ата-әжелері («Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі» және «Аналар мектебі» жұмыстарын жандандыру мақсатында) арасында матадан, жүннен, былғарыдан, киізден, ағаштан, жіптен, қағаздан, саздан және т. б. қолөнер жасау бойынша өткізілді.

 Бұл байқауға бөбекжайымыздан №10 МАД тобының тәрбиеленушісі  Шайхы Әлқуат әкесімен бірге қатысып, ат әбзелдерін пайдалану және дайындауды көрсетті. Әлқуатқа әрқашанда сәттілік тілейміз!

Прокрутить вверх