Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні дене тәрбиесі нұсқаушысы Ахмедьянова А.И. «Түрлі режимдік сәттерде жалпақ табандылықтың алдын алу» бойынша кеңес өткізді. Балалардағы жалпақ табандылық – бұл өте кең таралған құбылыс, ортопед дәрігерлер бұл аурумен ауыратын балалар санының әсіресе, үлкен қалаларда өсуін атап өтуде. Қызметкерлерге Анжела Ивановна балаларға арналған барлық жаттығулар кешенін ойын түрінде көңілді және қызықты өткізуге кеңес берді. Емдік шаралар балаларға жағымды болу үшін кішкентай заттар мен қарындаштарды бақайларымен еденнен жинау арқылы жарыс түрінде көңілді әуенмен ойындар ұйымдастыруды ұсынды. Біз үшін балаларымыздың денсаулығы мен көңіл – күйі өте маңызды.

