Ағымдағы жылдың 20-ақпаны күні өрт қауіпсіздігі кезінде балалардың сақтық шараларын сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына баулу мақсатында «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» акциясы ұйымдастырылды. Акцияны өткізуде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын күшейту, тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру үшін профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыруда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зерттеу өрт-сынақ зертхана тобының бас маманы Азаматтық қорғау майоры Орынбасаров Нұржан Берікбайұлымен кездесу өтті.

