Ақтау қаласының туған күніне орай көрме «Ақтауға -60 жыл»
11 – қыркүйек бөбекжайішілік тәрбиеленушілер арасында Ақтау қаласының туған күніне орай табиғи және қалдық материалдардан жасалған қолөнер шеберлерінің «Ақтауға -60 жыл» атты шығармашылық көрмесі өтті. Іс шараға барлық топтардың балаларының ата-аналарымен бірге жасаған қолөнерлері қойылды. Бұл көрменің мақсаты: көркемдік-эстетикалық талғамын дамыту, қолмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, қиялды дамыту, табиғи материалдардан үздік қолөнер жасау. Туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.



